Сотпен бұрыңғы қызметкерінен материалдық шығын өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алатау аудандық сотында талапкер «Дега Плюс» ЖШС-нің  жауапкер Н.-тан материалдық шығынды өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.  

Сотта  анықталғандай,  01.02.2015 жылы Н. еңбек шарты негізінде «Дега Плюс» ЖШС-не жол жүргізуші-шабарманы ретінде жұмысқа орналасқан. 01.02.2015 жылы «Дега Плюс» ЖШС-гі мен Н-тың арасында материлдық жауапкершілік шартты жасалған. 13 сәуір 2015 жылғы шығыс-кассалық ордерге сәйкес, Н. үш салоннан 511 281 теңге сомасын алған.

Ақша алғаны туралы және шығыс-кассалық ордердегі қол қою жазбасын жауапкермен расталып, осы жағдай сот отырысда өз дәлелін тапты.

Сот шешімімен талапкердің талап арызы қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.