Сот орындаушының іс-әрекетіне шағымдану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында арызданушы «П»-ның  жеке сот орындаушысы Н-ның есепті қабылдау туралы іс-әрекетіне шағымы қаралды.

Сот барысында, арызданушыға сот орындаушысы тарапынан мүлік бағасының есебін сұрату туралы өтініші түскен, алайда арызданушы жеке сот орындаушынысын дұрыс түсінбей, онын әрекетіне шағымданды.

Істі қарау кезінде, арызданушы «П» дан шағымды қараусыз қалдыру туралы арызы түсті, өйткені жеке сот орындаушысы «Н» арызданушы «П»-ның есебін атқару өндірісіне қабылдады.

Арыз қабылданып, сот ұйғарымы негізінде іс қараусыз қалдырылды.

Ұйғарым заңды күшіне енбеді.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі