Сот медиативтік келісімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер «А» жауапкер «П» қатысты ақша сомасын өтеу туралы азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында тараптар өзара медиативтік келісімге келді. Соттан жасасқан медиавтитік келісімді келесі шарттарда  бекітуді сұрады: жауапкер «П» талапкерге  4 250 000 теңге  сомасын және 170 000 теңге өкіл қызметінің төлем ақысын өтейді. Талапкер «А» жауапкер «П» қатысты  еш қарсылық білдірмей   арыздан толықтай бас тартады.

Сот тараптарды тыңдаған соң сот тараптардың өзара жасасқан медиативтік тәртіптегі келісімді  көрсетілген шарттарда бекіту туралы ұйғарым шығарды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық соты