Сот қарыз сомасын өндіру туралы арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық  сотында талапкер «Банк Центр Кредит» АҚ-ның жауапкер  «А»-дан қарызды өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа арызбен жүгіну себебін келесідей негіздеді: талапкер «Банк Центр Кредит» АҚ мен жауапкер  «А»  арасында 120  айға 8 000 000 теңге сомасын беру туралы кредиттік келісімге қол қойылды. Кредиттік келісім негізінде жауапкер 20%  жылдық сыйақы төлейтін міндетті алды. Банк өзіне алған міндеттерді орындады және   жауапкерге ақшаны бөлді.

Алайда, жауапкер «А» өз мойынына алған міндеттемелерді тиісінше орындамады. Осы салдардың кесірінен  жауапкердің қарызы  10 763 856теңгені құрайды.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі