Сот дауды медиация тәртібімен реттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «Д» ЖШС-нің жауапкер «U» ЖШС-нен 20 792 800 теңге көлемінде қарыз сомасын өндірутуралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды,талапкер сотқа жауапкерден қарыз сомасын өндіруді сұрап жүгінген.

Сотпен, ҚР АІЖК-нің 179-бабына сәйкес, медиация рәсімі жүргізілді және тараптар арасында дауды медиация тәртібімен ретке келтіру келісімі жасалды, оған сәйкес жауапкер талапкер шотына 15 000 000 теңге көлеміндегі соманы үш жұмыс күні ішінде берілген медиациялық келісім сотпен бекітілген сәттен бастап.

Келісім бойынша жауапкер өз міндеттерін толық және уақытылы орындаған күннен тараптардың жер асты жолдарын жалға беру келісім шарты бойынша барлық міндеттері, көрсетілген келісім шарттың әрекет ету мерзіміндегі орындалған жұмысқа төлем жасау бойынша қарызды қосқанда толық көлемде орындалған деп есептеледі және тараптар бір біріне ешқандай наразылық білдірмейді.

Борышкермен келісімде көрсетілген соманы төлеу бойынша міндеттерін орындамаған кезде, талапкер келісім шарт бойынша қарыз сомасын өндіруге құқылы, келісімнің 3-тармағында көрсетілгендей толық көлемде.

Сот ұйғарымымен  келісім бекітілді, іс бойынша өндіріс тоқтатылды. Сонымен қоса сот талапкерге талап арызды берген кезде төленген 623 784 теңге көлемінде  мемлекеттік баж салығын қайтарды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты