Шығарып жіберу туралы шешімді орындамау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 393-бабы бойынша  (шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау) В(V)-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша,  2017 жылғы 03-шілде сағат 15:00 шамасында Аль-Фараби пен Навои көшелерінің қиылысында Алматы қаласы  Бостандық ауданының ІІБ Көші-қон басқармасының арнайы көші-қон тобы Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Тәжікстан Республикасының азаматы  В(V)., байқалып тексеріс барысында оған қатысты 10.05.2017 жылғы Алматы қаласы бойынша мамандандырылған аудан аралық әкімшілік сотының қаулысына сәйкес В(V)., Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары шығу қажет болған. Алайда Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу туралы шешімді орындамаған, оған саналы түрде жол берген.

Сотталушы В(V). жасаған құқық бұзушылығын мойындап, шын жүректен өкініш білдірді.

Соттың үкімімен В(V)., Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 393-бабымен кінәлі деп танылып, оны Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге 5 жыл мерзімге шығарып жібере отырып, оған 25 айлық көрсеткіш мөлшерінде, яғни 56 725  теңге сомасында айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты