Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 189 бабының 3 бөлігінің 1 тармағымен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа берілген  А.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сот үкімімен сотталушы А.-ға 3  жыл  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленді.

Сотпен анықталғаны, сотталушы А., мейрамхана әкімшісі болып жұмыс атқарып, міндетіне алдын ала жазылу, залдарды таңдап, қалдыру және тапсырыс берушімен той мәзірін әзірлеу кірген.

 2018 жылдың 1 маусымында мәзірге алдын ала тапсырыс беріп қою үшін келген А.-дан,  мейрамхана залын таңдап болған соң, алдын ала төлем ретінде 900 000 теңге көлемінде ақша алған. Өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін жымқыруға бағытталған өзінің пайдакүнемдік әрекеттерін орындай  отырып, мейрамхана басшысына бермей, көрсетілген ақшаны иемденіп,  жеке қажеттілігіне  жұмсаған.

Осы қылмыстық ісімен тоқтап қалмай, сотталушы А. тағы  бірнеше рет ұқсас  21 қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Сөйтіп қылмыстық іс-әрекеттерімен 9 120 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты