Архив событий

29/05/2020

Медиация ең дұрыс шешім

29/05/2020

Карантиндік шектеулерге қарамастан, Алматы қаласы Наурызбай аудандық соты істерді қашықтықтан қарауын жалғастыруда. Татуластыру рәсімдерінің артықшылықтары туралы үгіт насихат жұмыстарының нәтижесінде медиативтік келісім бекітілуі арқылы  19 іс тоқтатылған.

Азаматтарды онлайн қабылдау

29/05/2020

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының төрағасы Ж.А.Мұхамбетжан  «WhatsApp» мобильді мессенджері  қосымшасы арқылы азаматтарды онлайн режимінде қабылдау жүргізді.

Берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, талапкер Д.  материалдық залалдың соммасын  өндіру туралы сұрақпен жүгінді.

Қылмыстық іс онлайн режимде қаралып, қысқартылды

29/05/2020

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында мобильді бейнебайланыс  пен «WhatsApp» мобильді мессенджерін қолдана отырып  М.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық) айыпталған қылмыстық іс қаралды.

Техникалық қызмет көрсету станциясындағы (ТҚС) жанжал денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соқтырды

29/05/2020

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірумен кінәлі деп танылған  М.-ге  қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.

Сот үкімімен М. кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзім бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бес ай ішінде 37 000 000 теңгеден астам ақшаны заңсыз иемденіп, ысырап еткен

29/05/2020

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында өз қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде, өзіне сеніп тапсырған бөтен мүлікті ұрлаған және ысырап етуге кінәлі деп танылған Г.-ға  қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды. 

Бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған

29/05/2020

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотытында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190 бабының 4 бөлігінің 2 тармағымен, 385 бабының 2 бөлігімен сотқа берілген  «Ж»-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған үшін жазаланды

29/05/2020

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында бейне-конференц-байланыс арқылы аса ірі мөлшерде алаяқтық  және мүліктік зиян келтіргені үшін С.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды (Қазақстан Республикасының  ҚК-нің  190-бабы 4-бөлігі 2 тармағы, 195- бабы 4-бөлігі 4-тармағы).

Берілген сенімхатты жарамсыз деп тану туралы

29/05/2020

Алматы қаласы Жетысу аудандық сотында талап беруші «С» Алматы қаласының жеке нотариусы «Р» куәландырған жауапкер «Ж» берген 2019 жылғы тіркелген сенімхатын жарамсыз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.