Сатып алушының сатушыны өмір бойы асырау шартымен шартты бұзу туралы талап арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының № 2 Әуезов аудандық сотында  Я.-ның М.-мен сатып алушының сатушыны өмір бойы асырау шартымен шартты бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа арызбен жүгіну себебін келесідей негіздеді: 4 маусым 2010 жылы талапкер Я. мен жауапкер М. арасында талапкер Я.-ға тиесілі 31,9 ш.м. №10А ықшам ауданындағы, №2 үй, 54 пәтерге қатысты сатып алу – сату шарты жасалған болатын. 

Шарттың талаптарына сәйкес, жауапкер М. талапкерді өмір бойы асырауға, тамағымен, киіммен және ай сайын ең аз мөлшердегі айлығынан 28 000 теңге беруге міндеттелген болатын. Алайда, 2016 жылдың мамыр айынан бастап жауапкер өзіне тиісті асырау жөніндегі міндеттерді орындамай отыр және шартты өрескел бұзуда, өтініштеріне мән бермеуде.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық соты