Процессуалдық құжаттарды толтыру сапасы жайлы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында «Әуезов аудандық соты және құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл»  тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Құзырлы органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған шараға Әуезов аудандық сотының төрағасы К.Сырлыбаев, аудандық тергеу бөлімінің бастығы – Б. Кетпенбаев, Әуезов аудандық ІІБ анықтау бөлімінің бастығы – М.Ысқақов, Әуезов аудандық прокуроры  А. Әлібеков, Әуезов аудандық прокурорының аға көмекшісі – Е.Турсункулов, Әуезов аудандық прокурорының орынбасары   Е.Сәрсеков, Әуезов аудандық ІІД жанындағы полиция бөлімінің бастығы, майор Д.Аханов және Әуезов аудандық ІІД жанындағы полиция бөлімі бастығының орынбасары  Р.Мусаев қатысты.

Жиын барысында Қ.Сырлыбаев құзырлы орындар арасындағы байланыстың әлсіздігі құжаттардың дұрыс толтырмауына, дер кезінде жетпеуіне, белгіленген уақытта қараулмауына ықпал ететінін айтып, жұмыс барысында  кездескен кемшіліктерді болдырмас үшін осындай шаралар ұйымдастырып тұру қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ, қатысушылар қылмыстық істерді сотқа жөнелту кезіндегі ресімдеу сапасына қатысты ойлармен бөлісті.

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық соты