Өзінің қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізе алмады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында ұялы телефонды ұрлыуға оқталғаны үшін И.-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, И. 04.04.2017 ж. Л.-ның пальтосының сол жақ қалтасынан «СНот 4» маркілі ұялы телефонды көреді. И.  Л- ның артқы жағында  болып оны итеріп жібереді, содан Л. аяғынан тұра алмай, құлайды. И. сол кезде Л.-ның  пальтосының сол жақ қалтасынан 140 000 теңге тұратын «СНот 4» маркілі ұялы телефонды ұрлайды. Содан соң И. оқиға болған жерден кетпекші болады. Л. сол уақытта ұялы телефонының жоғалғанын  байқап, И.-ны оқиға болған жерден ұстайды. Содан И. өзіне тәуелді емес мән жайларға байланысты өзінің қылмыстық ниетін аяғына дейін жеткізе алмаған.  

Сот отырысы барысында И.. өз кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен айыпталушы мен жәбірленушінің өзара татуласуына байланысты, медиация тәртібімен ҚР ҚК 68 б. 1 б. сәйкес С.А. қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, ҚР ҚК нің 188 бабының 1 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс өндірісімен қысқартылды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық соты
Пікірлер мен ұсыныстар