Мұраны қабылдау үшін мерзім қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу аудандық сотында талапкер Л.-ың мұраны қабылдау үшін мерзімді қалпына келтіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 2015 жылдың 23 қаңтарында арызданушының анасы Т.Ф. қайтыс болғаннан кейін, жылжымайтын мүлік түрінде мұра ашылған. Ол мұраны қабылдау мерзімін, қйын материалдық жағдайына байланысты өткізіп алған.

ҚР АК-нің 1072-3 бабына орай, егер мұрагер мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi дәлелдi себептер бойынша өткiзiп алған болса және мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi өткiзiп алған мұрагер бұл мерзiмдi өткiзу себептерi жойылғаннан кейiн алты айдың iшiнде сотқа жүгiнген жағдайда осы мерзiмдi өткiзiп алған мұрагердiң өтiнiшi бойынша сот бұл мерзiмдi қалпына келтiре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады.

Сот шешімімен талапкердің талап арызын қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енді.  

 

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық соты