Мүлкін тәркілеумен бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында телефон кабельдерін ұрлағаны және ұрлауға оқталғаны үшін Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, 09 наурызда 2017 ж. Крым  көшесінде, 10 наурызда 2017 ж. Погодин көшесінде, 12 наурызда 2017 ж. Хоружей көшесінде, 14 наурызда 2017 ж. Кабилов көшесінде, 20 наурзыда 2017 ж. Чаплин көшесінде сағат 00.00 ден 02.00 шамасында Д. бірнеше рет қысқыш пен бұранда кілттің көмегімен діңгектерден 55 метр 9 598, 51 теңге тұратын, 53 метр 9 249, 48 теңге тұратын, 43 метр 24 754, 24 теңге тұратын, 67 метр 72793,60 теңге тұратын, 45 метр 25 000 теңге тұратын «ТПП 10х2», «ТПП 50х2» маркілі телефон кабельдерін ұрлап оқиға болған жерден бой тасалап кетті.  Ұрланған телефон кабельдерін Д. өзінің үйіне апарып, мыстарын шығарып оларды металлға тапсырып ақша алған.  Ары қарай Д. өзінің қылмыстық әрекеттерін жалғастырып 21 наурызда 2017 ж. сағат 03.00 шамасында  үйінен шығып Кабилов көшесіндегі 38 000 теңге тұратын «ТПП 10х2», «ТПП 30х2» маркілі телефон кабелдьдерін ұрлау  кезінде «Самай» ЖШС-нің қауіпсіздік  қызметінің қызметкерлерімен ұсталды. Сөйтіп өзіне тәуелді емес жағдайларға байланысты қылмыстық ниетін аяғына дейін жеткізе алмаған.

Сот отырысы барысында Д. өз кінәсін толық мойындады.  

Сот үкімімен Д. ҚР ҚК нің 188 бабының 1 бөлігі, 24 бабы 3 бөлігі - 188 бабының 2 бөлігінің 2 тармағымен кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркілеумен 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық соты