«Меншiкке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі қарау мәселелері»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында судьялардың, Алматы қаласы Алмалы аудандық прокуратурасының прокурорларының, қалалық адвокат алқасының адвокаттарының, Алматы қаласы ІІД-ның Алмалы аудандық ІІБның  тергеушілері және сот мамандарының қатысуымен  қылмыстық сот жүргізуде меншiкке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі қарау туралы мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелді өткізу мақсаты - қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ерекшеліктері мен әдістерін жан-жақты зерттеу, сонымен қатар көрсетілген бағыттар бойынша мәселелерді және оларды шешу жолдарына қатысты мәселелерін талқылау болып табылады.

Іс-шара барысында, қатысушылар сотқа дейін қараудың кезеңдерін белгілеп, тергеу әрекеттерінің ерекшеліктерін ашып талдады. Судья М. Жарылғасова,- адамды күдікті деп тану және күдіктінің іс-әрекетінің саралануын айқындау мәселесіне назар аударып, меншiкке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны көбейіп кеткенін баса айтты. Сотта қарауға жолданған меншiкке қарсы қылмыстық істердің саны 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығы аралығында 366 істі құраған, бұл 2016 жылғы ұқсас мерзімнің аралығында аталған санаттағы істерден үш есе көп,- деп судья атап өтті.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы аудандық соты