Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі іске асыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында «Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы»  тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

"Дөңгелек үстелге" Әуезов аудандық сотының судьялары мен кеңсе мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты –қоғамда мемлекеттік тілдің міндеті мен мәнін көрсету, сот жүйесінде мемлекеттік тілдің рөлін көрсету және қолдану маңыздылығын түсіндіру. Осыған байланысты, мемлекеттік тілді дамытудың маңызды жолдарынын бірі - іс қағаздары мен құжат айналымын мемлекеттік тілге көшу болып табылады.

Сондай-ақ, талқылау барысында, барлық мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілді жетік меңгеру керек, өйткені ол барлық Қазақстан Республикасының азаматтарының мансаптарының өсуінің және азаматтардың әлеуметін дамыту кілті болып табылады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өз пікірлерін білдіріп жәнемемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында мемлекеттік органдар арасында тиісті шаралар қолданып, одан әрі арттыру керектігін айтты.

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық соты