Мемлекеттік органдар арасында «Электрондық құжат алмасу бірыңғай жүйесі» арқылы өзара құжат алмасу»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында Мемлекеттік органдар арасында «Электрондық құжат алмасу бірыңғай жүйесі» арқылы өзара құжат алмасу атты тақырыпқа дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс шараға  кеңсе меңгерушісі, сот отырысының хатшылары мен кеңсе мамандары қатысты.

Іс шараны өткізу барысында ЭҚАБЖ-нің  негізгі мақсаттары яғни  Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өзара құжат алмасу процесстерінің тиімділігі мен ашықтылығы талқыланды. Бұл жоба  өндірістік қанауға 2007 жылдығ 5 сәуірінде шығарылды. Өзінің сойлеуінде Бостандық аудандық сотының жетекші маманы А.Жарылқасын қазіргі таңдағы бүкіл әлемдік экономикалық жаһандастыру  шегінде, интеграциялық процестерінің өрістеуі нәтижесінде мемлекеттік органдарының өзара ашықтық пен тиімділігін жоғартуын қажет етеді. Негізгі мәселелер болып Мемлекеттік информациялық жуйелері мен ресурстарын бірыңғай ақпараттық жуйеге енгізілуі болып табылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарының өзара электрондық құжат алмасуы ЭҚАБЖ-мен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар сот мамандарымен  ЭҚАБЖ-нің негізгі құқықтық легитимділіктің электрондық кілт арқылы жүзеге асырылуы артылықшыларын, технологиялық процесстердің дайындалу  автоматизациясы, тіркеу, құрылымдау, , сақтау, архивациялау, іздеу, өңдеу, құжаттардың шығарылуы мен жіберілуі талқыланды.

Дөңгелек үстелдің қорытындысында сот мамандары өзара қызығушылық тудыратын сұрақтарды, пікірлерін  талқылап,құжаттардың алмасу уақытының  қысқарылуын, тиімділігін баса айтты. 

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық соты