«Мемлекеттік қызметкердің әдебі»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында кеңсе мамандарының арасында «Мемлекеттік қызметкердің әдебі» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты президенттік реформаның бірі - кәсіби мемлекеттік аппарат құру  -  жүзеге асыру болып табылады. Жаңа әдеп ережелерін енгізу және мемлекеттік қызметтің жаңа Әдеп кодексін әзірлеу оны жүзеге асырудың қадамы.

Семинарда сот кеңсесінің  маманы С.Рахимбаев баяндама жасады.

Іс-шараның барысында, баяндамашы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің негізгі ережелерін  ашып талдады. Баяндамашы мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынына және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылғанына назар аударып,мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлықтың жалпы стандарттары туралы мазмұндады. Мысалы, мемлекеттік қызметшінің міндеттеріне оның жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету  және қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтау, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқару, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану жатады.

Сонымен қатар, қызметтен тыс уақыттағы қызметтік қатынастардағы мінез-құлықтар стандарттарды талқыланды.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы аудандық соты