Медиацияның міндетті принциптерін сақтау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты судьялардың, ҚБ «Халықаралық құқық қорғау орталығының», «Медиация дамыту орталығы» РҚБ -тің  медиаторларының, Алматы қаласы Бостандық аудандық прокуратурасының өкілдерінің қатысуымен  «Сотта медиацияны қолдану барысындағы кездесетін мәселелер» атты  тақырыбында дөнгелек үстел  өткізді.

Дөнгелек үстел барысында қатысушылар сотта медиацияны қолдану барысындағы кездесетін мәселелердің тізбесін, дауларды татуластыру жолымен шешу мүмкіндіктері талқылады.

Судья  А.АБаймурзина  Жоғарғы сотпен әзірленген пилоттық жобаның басымдылығы мен мақсатын түсіндірді. Сондай-ақ, медиация тәртібімен жеке істердің санаттар бойынша дауларды міндетті түрде сотқа дейін реттеуді енгізу жөніндегі пилоттық жобаның мақсаттары мен ережелерін түсіндірді.

Сонымен қатар, медиация процесстерін жүргізуді ұйымдастырудағы маңызды элеметі болып міндетті принциптерді сақтау  болып табылады. Яғни, медиатордың өз еріктілігі, тәуелсіздігі, әділділігі және  медиация тараптарының теңдігі, медиация процедурасына араласуды болдырмау, құпиялылық.

Дөнгелек үстел барысында қатысушылармен сотқа дейінгі медиацияны іске арысудағы ұйымдастырушылық сұрақтары талқыланды.

 

Источник: 
Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты