Медиация тәртібінде келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «А» ЖК жауапкер А.-дан қарызды өндіру туралы талап арызы қаралды.

Жоғарыда аталған азаматтық іс бойынша сот мәжіліс барысында тұлғалардан медиациялық келісімді бекіту туралы жазбаша арыз түсіп, оны бекітуді сұрады.

Медиациялық келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер М.А.Азимова осы келісімге қол қойылғанға дейін, өз еркімен 400 000 теңге ақшалай қаражатты өтеп, талапкер «А» ЖК-не береді. Талапкер аталған соманы алып, кез келген материалдық немесе басқа да бір шағымдардан бас тартады, оның ішінде қалған қарыз сомасынанда.

Сот медиациялық  келісімді бекіту алдында тараптарға оның құқықтық салдарын түсіндірді.

Сот ұйғарымымен медиация тәртібінде келісім бекітілді.

Сот келісімді медиациялық тәртіп бойынша бекітті.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық соты