Материалдық залал толықтай өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен  (ұрлық) айыпталушы М. және С-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушылар М. және С., 2016 жылы 12 желтоқсанда 05.30 сағат шамасында, адамдар тобымен алдын ала сөзбайласуымен ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатында және олардың әрекетін ешкім бақыламай тұрғанына көз жеткізіп, «Мамыр» сауда үйінде орналасқан "Olimp KZ" ЖШС-нің жұмыс орындарында болған кезде сейфтен жасырын түрде "Olimp KZ" ЖШС-не тиесілі 2 453 350 теңге мөлшерінде ақша, құны 18 000 теңге тұратын "Qmax" монитор, құны 78 400 теңге тұратын ноутбук "TOSHIBA" заттарын ұрлап, барлығы 2 573 350 теңгеге "Olimp KZ" ЖШС-не залал келтірген.

Сот отырысында сотталушылар С. және М. кінәларын толығымен мойындап, соттан материалдық залалды толығымен өтегендері ескерілсін деп сұрады.

Сот үкімімен сотталушы М. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен айыпты деп танып, оған осы баппен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 2016 жылдың 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 4-ші бабы 1 бөлігі 4 тармағына сәйкес сотталушыға тағайындалған жазаның жартысы қысқартылып өтеуге 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Сот үкімімен сотталушы С. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен айыпты деп танып, оған осы баппен  4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

2016 жылдың 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 4-ші бабы 1 бөлігі 4 тармағына сәйкес сотталушыға тағайындалған жазаның жартысы қысқартылып өтеуге 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

ҚР ҚК-нің 63 бабын басшылыққа ала отырып, сот сотталушыға тағайындалған жазаны шартты деп саналсын. Сотталғандарға қатысты пробациялық бақылау белгіленді.

 

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық соты