Қысқартылған өндіріс тәртібінде қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ жауапкер А.-тан жұмыссыз қалған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемін заңсыз алынған сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс құжаттарынан, 04 қазан 2013 жылы жауапкерге 12 қыркүйек 2013 жыл және 11 қаңтар 2014 жыл аралығына яғни 4 айға 211 272 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған, және ай сайын 5 282 теңге көлемінде міндетті зейнетақы төлемі қосылған. 08 қараша 2013 жылы жұмыссыздар тіркелу есебінен алынып тастауына қарамастан, жауапкер қордың қаражатынан әлеуметтік қамтамасыз ету төлемін алып отырған. Осылайша, жауапкердің 01 желтоқсан 2013 жыл мен 11 қаңтар 2013 жылдар аралығында 64 966 теңге көлемінде әлеуметтік төлемін заң бұзу арқылы алған.

ҚР АІЖК-нің 145 бабынның 1 бөлігінің 2 тармақшасына орай, талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары бойынша

Сот  «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның талап арызын қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты