Қылмыстық әрекетімен жәбірленушіге залал келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында Т. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190 бабы 1 бөлігмен айыптау (алаяқтық, бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы жымқыру) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2017 жылдың 29 сәуірінде сотталушы Т. жәбірленуші И. тиесілі, бағасы 60 000 теңге тұратын, «Samsung Galaxy Grand Duos Neo» маркалы ұялы телефонын алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы жымқырған. Нәтижесінде сотталушы Т. өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші И.-ға 60 000 теңге материалдық шығын келтірген.

Басты сот талқылауында сотталушы Т. тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындады. Сонымен қатар, сот мәжілісінде сотқа тараптардың медиация нәтижесінде өздері қол жеткізген жазбаша келісімі, яғни дауды реттеу туралы келісім келіп түсті.

Соттың қаулысымен Т. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190 бабы 1 бөлігімен айыптау туралы қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68 бабының 1-бөлігінің негізінде, яғни сотталушының жәбірленушімен медиациялық тәртіпте татуласуына және сотталушының келтірілген зиянды өтеуіне байланысты, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатумен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты