Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының № 2 аудандық сотында Қазақстан Республкисаның ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігімен (бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) айыпталған К-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотпен анықталғандай, маусым айының ортасында сағат 19.30 шамасында К. «Мега Центр» ОСО-да  серуендеп жүріп өзіне заттар қарап жүрген. Сағат 20.00 шамасында К. «G» дүкеніне кіріп, сатып алуға мүмкіншілігі жоқтығын біле тұра, өзіне киімдер қараған, сол сәтте оның ойына бөтеннің мүлкін жасырын жымқыруға бағытталған қылмыстық пиғылы пайда болған. Өзінің қылмыстық пиғылын жүзеге асыру мақсатында К. киім өлшеу бөлмесіндегі киімдерді жинап өзінің дорбасына салған. Соңынан өзінің сыртынан ешкім бақылап тұрмағанына көз жеткізіп, 215704 теңге құрайтын киімдерді жасырын ұрлап, оқиға орнынан ғайып болған.

Сотталушы К. сот отырысында өзіне тағылған айыпты толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдірген.

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігімен  айыпталған К-ға қатысты қылмыстық ісі  ҚК-нің 68 бабының 1бөлігімен, жәбірленушінің сотталушымен татуласуы негізінде медияция тәртібінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып өндірістен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты