Қылмыстық қудалау медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 188 бабының 1 бөлігімен  (ұрлық) сотқа берілген И. азаматқа қатысты  қылмыстық іс қаралды.

И. сотталушы 25 наурыз 2017 жылы шамамен 14.30 уақытта №141 автобуста жүріп, жәбірленушінің «Samsung» ұялы телефоны қалтасынан айқын көрінетінін байқап қалып, оған жақындаған. Сотталушы жан-жаққа қарап, оған ешкім қарамайтынына көзі жетіп, «Samsung» ұялы телефонын жасырын қымқырып, қылмыс орнынан кетіп, жәбірленушіге 50 000 теңгеге тең сомасына материалдық зиян келтірген.

«И» сотталушы сот отырысында қылмысын мойындап, өзінің теріс қылықтарына өкінді. «М»  жәбірленуші сотталушымен татуласып қылмыстық істі медиация тәртібінде тоқтату туралы арыз жазды.

Сот қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 188 бабының 1 бөлігімен  сотқа берілген И. азаматқа қатысты  қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты