Қылмыстардың қауіпті қайталануы танылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  99 бабының 1 бөлігімен (адамды өлтiру) айыпталған И.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, 2017 жылдың 11 маусымда И. жәбірленуші Б. және А.-мен бірге спиртті ішімдіктерді ішкен. Кейін А. ұйықтап қалғанда, И. мен жәбірленуші Б.-ның арасында жанжал туындаған. Пайда болған бас араздық салдарынан, И. пышақпен қаруланып, Б.-ның іш тұсынан 3 рет соққан. Алынған пышақ жарақаттардан жәбірленуші жерге құлап, аз уақыт аралығында қайтыс болған.

Сот үкімімен И. Қазақстан Республикасы  ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып сотталған. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеу  белгіленді. Қазақстан Республикасы  ҚК-нің 14 бабының 2 бөлігінің 2тармағына сәйкес сотталушы И.-дің әрекетінде қылмыстардың қауіпті қайталануы танылған.

Үкім заңды күшіне енбеген.         

 

Источник: 
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты