Көлік құралына арнайы жарық сигналын орнату қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлға және тәркілеуге тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК 603 бабы 2 бөлігі бойынша азамат Берік Б -ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

10.06.2017 жылы  Б. сағат 20:15 шамасында Алматы қаласы Әл-фараби көшесімен шығыс  бағытта «Лексус» автокөлігімен арнайы жарық сигналдарын беруге арналған құрылғыларды көлік құралына тиісті рұқсатсыз орнатылғаны анықталған. Б. ҚР Жол жүру туралы ережесінің 2.14.12 тармақтарының талаптары және де оның іс әрекетінен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 603 бабы  2 бөлігі бойынша құқықбұзушылық көрсетілген.

Сот қаулысымен    Б. әкімшілік құқық бұзушы болып танылып, әкімшілік өндіру ретінде 25 айлық есептік көрсеткіш 56 725  теңге көлемінде айыппұлға және қызыл көк түсті жарық сигналдарын тәркілеуге тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік соты