Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) айыпталған М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың 4 ақпанында 23.30 шамасында М. алкогольдік мас күйінде, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, жүргізуші куәлігінсіз Ниссан Цефиро маркалы автокөлікті Қазақстан Республикасының Жол жүру ересежсінің 2.4.2 тармағында көрсетілген ережені өрескел бұзып, Ақын сара көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып Чернышевский көшесінің қиылысында Алматы қаласы ІІД-нің ЖПП-нің қызметкерлерімен тоқтатылған.

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен М. ҚР ӘҚБК-нің 608 бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып 15 тәулікке және жүргізу куәлігінен 6 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру әкімшілік жазасы тағайындалды.

Сотталушы М. өзіне тағылған айыпты толығымен мойындады.

Сот үкімімен М. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыра отырып, 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының баспасөз қызметі