Әкімшілік жолмен шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің  517 бабының 4 бөлігі бойынша Өзбекстан Республикасының азаматы  В-ға  қатысты әкімшілік істі қарады.

27 тамыз 2017 жылы Алматы қалалық ІІД-нің Алмалы аудандык ІІБ МПБ-нің қызметкерлерімен  Қарасай батыр көшесі 109 үйде паспорттық тексеру барысында,  шетелдіктердің  Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған  Өзбекстан Республикасының азаматы  В. анықталды. В. Қазақстан Республикасына 25.02.2017  жылы келген, уақытша тіркеуге 24.03.2017 жылға дейін тіркелген, яғни ол заңда көрсетілген мерзімде  Қазақстан Республикасының аумағынан қасақана кетпеген..

Сот отырысы барысында В. кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен В.  әкімшілік құқық бұзушылы болып танылып, Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жіберуге тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік соты.