Келтірілген залал өндірілуге жатады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «АЖК» АҚ-ның жауапкер РММ-нен келтірілген залал сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды, 16 маусым 2016 жылы жер қопару жұмыстарын атқарған кезде РММ-нің жұмысшылары «АЖК» АҚ-на тиесілі кабель желілерін зақымдаған.

Сол күні «АЖК» АҚ-ның қызметкерлері талапкер өкілдерінің қатысуымен электро қондырғының апаттық бұзылуы туралы акт жасаған.

ҚР энергетика Министрінің бұйрығымен бекітілген электрлік және жылу жүйелерін қорғау, электрлік және жылу жүйелерінің қорғалу аймағында жұмыстарды атқару туралы ережелердің талаптарын бұза отырып, жауапкермен жұмыстар «АЖК» АҚ-ның келісімінсіз жасалған.

Осыдан бөлек, кабельдік желінің үзілу салдарынан тұрғын алабында электрэнергиясы өшіп қалған.

Апаттық-қалпына келтіру сметалық есеп айырысу шығындарына сәйкес, көрсетілген зақымдануларды қалпына келтіру бағасы қолданылмаған электрэнергиясының бағасын есепке ала отырып екі аймақ бойынша 847 340 теңгені құраған.

«АЖК» АҚ-мы өз қаражат есебінен жауапкермен зақымдалған электр кабельдерін қалпына келтіру шараларын қолданған. Талапкермен жауапкер мекен-жайына келтірілген залал сомасын төлеу туралы ұсыныспен сотқа дейінгі талап жіберілген, бірақ жауапкермен берілген талап назарға алынбаған.

ҚР АК-нің 917-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқытарын заңсыз іс-әрекеттермен келтірілген зиянды, оны келтірген тұлға толық көлемінде өтеуге тиіс.

Сот шешімімен «АЖК» АҚ-ның жауапкер РММ-нен келтірілген залал сомасын өндіру  туралы  арызы  қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты