Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарумен бірге айыппұл түріндегі жаза

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу туралы шешімін орындамағаны үшін И.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, 29.05.2016 жылы 09.40 сағат шамасында Алматы қаласының ІІД-нің көші-қон полиция бөлімінің қызметкерлерімен ішкі істер органдарымен тіркелген, шекарадан кету туралы сот шешімі шыққан шетел азаматтардың уақытша тұруын тексеру кезінде Өзбекістанның азаматы И. ұсталды, ол ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабының 2 бөлігіне сәйкес шетелдiктiң ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР-ның шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу түріндегі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 13.01.2017 ж. қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жоғарыда көрсетілген Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысына сәйкес қаулының заңды күшінен енгеннен кейін 5 күн ішінде И.  ҚР-ның шекарасынан кетуі керек еді, бұл қаулы 29.01.2017 ж. заңды күшіне еңді. Сөйтіп И. шетел азаматы бола тұра, ҚР ҚК-нің белгіленген заң нормаларын бұзғаны туралы алдын ала біліп, қасақана, оған қатысты ҚР-ның 19.01.2017 ж. Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ҚР-ның шекарасынан шығарып жіберу туралы шығарылған қаулысын елемей, заңда белгіленген мерзімде ҚР-ның шекарасынан шығып кетпеді. 

Сот отырысы барысында И. өз кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен И. ҚР Қылмыстық Кодексінің 393 бабы бойынша қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 5 жылға ҚР-ның шекарасынан кетумен бірге, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 56 725 тенге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді. 

Источник: 
Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық соты