Қаулы заңды күшіне енген жоқ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында Д. және О. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 192 бабы 3 бөлігінің 2 тармағымен айыптау бойынша (қарақшылық, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, тұрғын үй жайға заңсыз кіру арқылы, ірі мөлшердегі бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында жәбірленушінің  өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуыл) қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2017 жылдың 6 наурызында сотталушылар Д. мен О. және тергеумен анықталмаған тұлғалармен бірге шолақ мылтық және пышақпен қаруланып, Алматы қаласы Гончаров көшесінде орналасқан үйге заңсыз кіру арқылы, жәбірленуші К. буындырып, тұншықтырып, оның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану арқылы 1 669 900 теңге ақшалай қаражатын қарақшылық шабуыл арқылы жымқырған.

Сот үкімімен Д. мен О. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 192 бабы 3 бөлігінің 2 тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеп, 7  жыл мерзімге бас бостандығынан айырып, жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу тағайындалды.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 17 бабының 2 бөлігі, 91 бабының 1 бөлігінің 3 тармағы бойынша сотталған Д. және О. медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты