Қарыздар өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Микрокредиптная организация «Kaz Credit Line» ЖШС-нің жауапкер Ш.-дан қарызды өндіру туралы талап арызы қаралды.

Істің құжаттарынан, 26 желтоқсан 2015 жылы «Микрокредитная организация «Kaz Credit Line» ЖШС мен Ш. арасында шағын кредит беру туралы шарт жасалған, шарт талабы бойынша жауапкерге 26 сәуір 2017 жылға дейін, 50% жылдық сыйақымен 500 000 теңге шағын кредит берілген.

Талапкер өз тарапынан жауапкер алдында қойған міндеттерін толықтай орындап, шағын кредит беру туралы шартына сәйкес ақшаны берген.

Жауапкер шарт бойынша өз міндеттемелерін көрсетілген мерзімде орындамай, төлемнің мерзімін өткізіп алып және қазіргі кезге дейін шартта келісілген төлем түспеген.

Қазақстан Республикасының  АК-нің 722 бабының 1 бөлігіне сәйкес, заемшы шартта көзделген тәртiппен және мерзiмде заем нысанасын қайтаруға мiндеттi.

 

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық соты