Қарыз сомасы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында оңайлатылған іс жүргізумен талапкер «S» ЖШС-ның жауапкер К-дан қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

«S» ЖШС-гі сотқа жауапкер К-дан негізгі қарыз 646 640 теңге, тұрақсыздық айыбы 29 231 теңге, айыппұл 387 984 теңге көлемінде қарыз ақшаны өндіру туралы арызбен жүгінді.

Талапкер мен жауапкер 2014 жылы сатып алу сату шартын бөліп төлеуге келісім шарт жасаған. Соған сәйкес талапкер 2 дана «Doosan» маркалы жүк тиеу машинасын жеткізіп беруге, ал жауапкер 6 387 500 теңге көлемінде алдын ала төлем жүргізіп, қалған 19 345 000 теңге ақша қаражатын 6 айда төлем графигіне сәйкес төлеуге міндеттенген.

Талапкер келісім шартқа сәйкес өз міндетін толығымен орындаған, ал жауапкер талапкер алдында қарызын толық төлемеген.

Жауапкер талап арызға қарсылық келтірген жоқ.

Сот тараптармен келтірілген құжаттардағы дәлелдерді, сот отырысына қатысушылардың қарсылықтары мен пікірлерін зерттей келе «S» ЖШС-ның К-дан қарыз ақшаны өндіру туралы арызын ішінара қанағаттандырды. Яғни, негізгі қарыз бен айыппұл ақша қаражатын өндіруде қанағаттандырып, тұрақсыздық айыбын өндіруде бас тартылды.

Источник: 
Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының баспасөз қызметі