Есірткі заттарын заңсыз сақтау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы  қаласы  Жетісу ауданының №2 аудандық сотында С. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабы 2-бөлігімен (есiрткi заттарды, өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2017 жылдың 9 мамырында Алматы қаласы Жетісу аудандық ІІБ-ның қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде куәгерлернің қатысуымен жеке тінту барысында, шалбарының сол қалтасынан, пакетке оралған салмағы 1,32  грамм есірткі зат –  марихуана табылған күдікті С. ұсталды.

Басты сот талқылауында сотталушы С. тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындады.

Сот үкімімен С. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2 бөлігінде көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 140 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты