«Еңбек сақшысы» Жобасы тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Әкімшілігінде кәсіпшілер одағының өкілдерімен, жұмыс берушілердің өкілдерімен, «Халықаралық құқыққорғау орталығы»-ның медиаторлары, Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының  судьяларының қатысуларымен «Еңбек сақшысы» Жобасы тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында, Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Е.Тулеев еңбек қатынасы кезінде туындайтын даулар тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, жаңадан енгізілген электрондық бұйрықтық өндірістің 17 шілде 2017 жылдан бастап жұмыс істеп жатқанын талқылап және оңайландырылған өндірістің артықшылығын атап өтті.

Дөнгелек үстел қатысушылары барлық сұрақтарға толық жауап алды. 

 

Источник: 
Алматы қаласы Ауэзов ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі