Еңбек ақыны өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер И.-ның жауапкер «РМС» ЖШС-не берген еңбек ақыны өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, талапкер И. еңбек келісім шарты бойынша 2017 жылдың  сәуір айының 4-ші жұлдызынан бастап «РМС» ЖШС-де сатып-алу бойынша менеджер қызметін атқарған. Осы еңбек шарты тараптар арасында 2017 қаңтар айының 04-жұлдызынан бастап 2017 сәуір айының 03-і жұлдызына дейін жасалған болатын. Еңбек ақы туралы анықтамаға сәйкес, қызметкердің еңбек ақы мөлшері айына 275 615 теңгені құраған, яғни жауапкердың талапкер алдында үш ай жұмыс жасаған уақытына 826 845 теңге көлемінде қарызы бар.

Сот шешімімен талапкер И.-ның «РМС» ЖШС-нен  еңбек ақыны өндіру  туралы талап арызы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты