Денсаулығына қасақана ауыр зиян келтiргені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігімен (абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтiру) көзделген қылмысты жасаған М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен 2016 жылдың 17 желтоқсанда сотталушы М. бұрын туындаған дұшпандық қарым–қатынастар негізінде өзінің танысы А. араларында болған төбелестен кейін А. дене жарақаттарын алып, оны емханаға апаруды шешкен. Бірақ, емханаға келгенде А. автокөліктен түсуден бас тартқан.  Кейін автокөлік салонында жәбірленуші мен сотталушы арасында қайтадан ұрыс пайда болып, ол төбелеске ұласқан. Төбелес барысында М. А.-ға денсаулығына ауыр зиян келтіріп, автокөліктен итермелеп, соңғысын жолда тастап кеткен. Жәбірленуші сол жерде бірнеше сағаттан кейін қайтыс болған.

Сот үкімімен М.-ге Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігімен 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Жазасын  қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленген. М.-нің іс әрекетінде ҚК-тің 14-бабы 2-бөлігі 2)-тармағына сәйкес қылмыстардың қауіпті қайталануы танылған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты