Дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «CNLCIKI» ЖШС-нің жауапкер «ГиК» ЖШС-нен 131 712 495 теңге көлемінде қарыз сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай,«CNLCIKI» ЖШС-гі сотқа жүгініп, «ГиК» ЖШС-нен 131 712 495 теңге көлемінде қарыз сомасын өндіруді сұраған.

Сот мәжілісінде тараптар соттан тараптар арасында дауды медиация тәртібімен реттеу келісімін келесі шарттар негізінде бекітуді: жауапкер кесте бойынша талапкердің есеп шотына ақша сомасын 15.12.2017 жылға дейін аударуға міндетті.

Берілген медиативті келісім бойынша міндеттер орындалмаған жағдайда талапкернотариусқа жүгініп  берілген құжатта атқару жазбасын жасауға құқылы, оның нәтижесінде құжат сөзсіз өндірілуге ұсынылады.

Келісімнің шарттары ешкімнің құқықтарын шектемейді, әрекет етуші заңнамаға қайшы келмейді және екі жақтың мүддесі негізінде жасалған.

Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітілді.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты.