Бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен А.-ға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) материал қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2024 жылдың 26 наурызында «Л» кафесінің жанынан өтіп бара жатқан адамдар, А.-ның мылтық ұстап тұрғанын көрген. А. мылтықты алып тастау туралы ұсынысқа жауап бермей, сонымен бірге әдепсіз сөздер айтып, өзгелерге сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған.

Сотта А. өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді.

Сот әкімшілік жазаның түрі мен мөлшерін анықтау кезінде істің мән-жайын ескеріп, А.-ны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен жауапкершілікке тарту қажет деп тапты.

Сот қаулысымен А., ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.