Бөтеннің мүлкін жасырын түрде жымқыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында М. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабы 2 бөлігі 2,3 тармақтары, 24 бабы 3 бөлігі, 188 бабы 2 бөлігінің 2,3 тармақтарымен айыптау (ұрлық, бөтеннің мүлкін үй-жайға заңсыз кіру арқылы бірнеше рет жасырын түрде жымқыру) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2017 жылдың наурыз айында сотталушы М. Алматы қаласы Қадырбекұлы көшесінде орналасқан үйдің аумағына заңсыз кіру арқылы, бірнеше рет жәбірленуші А. тиесілі техникалық заттарды жасырын түрде жымқырған. Нәтижесінде сотталушы М. өзінің қылмыстық іс-әрекетімен  жәбірленуші А. 218 500 теңге материалдық шығын келтірген.

Басты сот талқылауында сотталушы М. тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындады. Сонымен қатар, сот мәжілісінде сотқа тараптардың медиация нәтижесінде өздері қол жеткізген жазбаша келісімі, яғни дауды реттеу туралы келісім келіп түсті.

Соттың қаулысымен М. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188 бабы 2 бөлігі 2,3 тармақтары, 24 бабы 3 бөлігі, 188 бабы 2 бөлігінің 2,3 тармақтарымен айыптау туралы қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68 бабының 1-бөлігінің негізінде, яғни сотталушының жәбірленушімен медиациялық тәртіпте татуласуына және сотталушының келтірілген зиянды өтеуіне байланысты, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатумен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты