Бөтен мүлкін алдап және сенімді теріс пайдалану жолымен ірі мөлшерде жымқырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190 бабының  2-бөлігі 2-тармағымен(алаяқтық)айыпталушы Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Б. ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін алдап және сенімді теріс пайдалану жолымен жымқыру ниетімен, бірнеше рет 2013 жылғы қыркүйек айынан 2016 жылғы  қаңтар айы аралығында баспанаға мұқтаж адамдарға мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып бере алатындығын, үй алу үшін ақшалай қаражат беру керектігін айтып жалған хабар таратып, Ш-дан Алматы қаласы, «Спутник» ойын сауық орталығының жанында жалпы көлемі 460 860 теңгесін; М-тан Алматы қаласы, «Спутник» ойын сауық орталығының жанында жалпы көлемі 922 550 теңгесін; А-дан Алматы облысы, Алматы-Бишкек тас жолының бойында орналасқан «Бомбарбия» мейрамханасының жанында жалпы көлемі 729 780 теңгесін алдап алып, оны өз керегіне жаратып, ақшаларын қайтармай, ірі мөлшерде алаяқтық жасап, жәбірленушлерге аталған сомаларға залал келтірген.

Сотталушы тағылған айыпты толығымен мойындады.

Сот үкімімен Б. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190 бабы 2 бөлігі 2 тармағында көзделген қылмысты  жасауда кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша жеке мүлкі тәркіленіп 2  жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазақстан Республикасы  ҚК-нің 58 бабының 3, 6 тармақтарын қолдана отырып, Б. Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 21.04.2016 жылғы және 2.08.2016 жылғы үкімдері ішінәра қосу жолымен, түпкілікті жаза жеке мүлкі тәркіленіп 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы ҚР заңының 4-бабы 1-бөлігіне сәйкес жазаның  өтелмеген бөлігінің жартысы қысқартылып, жеке мүлкі тәркіленіп 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазақстан Республикасы  ҚК-нің 62-бабының 3-бөлігіне сәйкес бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзіміне қамауда 2016 жылдың мамыр айының 21-нен 2017 жылдың мамыр айының 19-на дейін отырғанына байланысты, бір күнге бір күн есебімен түпкілікті осы баппен оған жеке мүлкі тәркіленіп 1  жыл 10  ай 1  күнге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық соты