Борышқерлер ортақтасып мiндеттi болған жағдайда несие берушi міндеттемелердің орындауды талап етуге құқылы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Т» ЖК жауапкерлер Р.Д. және Л.Д.-дан  қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс  қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 14 қаңтар 2016 жылы «Т» ЖК және Р.Д. арасында 30 ай мерзімге автокөлікті жалға беру жартын жасаған. Сондай-ақ, 14 қаңтар 2016 жылы «Т ЖК және Л.Д. арасында шарт жасалған, осы шартқа сәйкес соңғысы Р.Д.ың кепілгері ретінде қатысты.

Жалдау шарты бойынша міндеттерін тиесілі орындамағанына байланысты, Р.Д.-да қарыз жиналған. Р.Д. автокөлікті қабылдап беру актісімен жақсы техникалық жағдайда алып, қайтару кезінде техникалық ақаулар анықталған, ол автомобильдің техникалық жағдайын бағалау актісінде көрсетілген.

Айтылғандарды негізге алып талапкер жауапкерлерден ортақ өзінің пайдасына автокөлікті жалға беру қарызы бойынша  7 000 теңгені, техникалық жағдайы үшін 33 400 теңге, шартты ерте бұзғаны үшін айыппұл 95 000 теңге мөлшерінде, айып ақы 124 400 теңге соммасын өндіруді сұрады.

ҚР АК 297 бабына сәйкес, егер төленуге тиiстi тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл) кредитордың шеккен залалдарымен салыстырғанда тым көп болса, сот борышкердің талабы бойынша борышкердің мiндеттеменi орындау дәрежесiн және борышкер мен кредитордың назар аударуға лайықты мүдделерiн ескере отырып, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсiмпұлды) азайтуға құқылы.

Осыған байланысты, сот есептелген 124 400 теңге айып ақы көлемін 10% түсіру жеткілікті және әділ деп санайды.

Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласыныың Медеу аудандық соты