Бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 287-бабының 2-бөлігімен, 293-бабының 3 бөлігінің 2-тармағымен айыпталушы К-ғаа қатысты қылмыстық іс қаралды.

К. тергеу орнымен анықталмаған уақытта,  арнайы заводта жасалған, атуға жарамды 18x45 мм. калибрлі, ПБ-4-1МЛ «ОСА» моделді ұңғысыз атыс қаруы мен 18x45мм., калибрлі «ОСА» және «Стражник» моделді номерсіз және ұңғысыз атыс қаруларына арналған травматикалық  үш дана оқтарды заңсыз иеленіп, заңсыз сақтап, өзімен бірге заңсыз тасымалдап алып  жүрген.

Сотта сотталушы К. тағылған айыпты толық мойындады.

Сот үкімімен К. Қазакстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігінде, 192-бабының 2-бөлігінің 1, 4-тармақтарында көрсетілген қылмыстарды жасауда кінәлі деп танылып, оған Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігі бойынша қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті мүлкін тәркілеумен 5  жылға бас бостандығынан айырылып, жаза қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.                                        

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық соты