Бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жаза шартты деп саналсын

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, 2016 жылдың қараша айының ортасында  Т. балалар ертеңгілігін ұйымдастыру үшін мектептер арасында тендер ойнату кезінде оң шешім  алу үшін түрлі әдістер іздеген. Сол үшін ол тендер ойнату кезінде оң шешім алу үшін көмек сұрап өзінің танысы Д.-ға жүгінді. Т. және Д.  ары қарай Н.-мен кездеседі, тендер ойнату кезінде оң шешім ала алатының және ол Алматы қаласының 30 мектептерінде ертеңгілік ұйымдастыра алатындығын  және бұл қызметі үшін 1 500 00 теңге алатындығы туралы хабарлайды. Ары қарай Т. бөлшектеп Н.-ға 1 215 000 теңге  береді. Алайда Н. өзіне алған жалған міндеттемелерін орындамай, Т.-нің ақша сомаларын алдау жолымен ұрлап, өзінің жеке кажеттіліктеріне жұмсайды.

Сот отырысы барысында Н.  өз кінәсін толық мойындады.  

Сот үкімімен Н. ҚР ҚК нің 190 бабының 3 бөлігінің 1 тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. «ҚР Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 13.12.2016 жылғы ҚР-ның заңының 4 бабының 2 тармағына сәйкес, жазаның өтелмеген бөлiгi қысқартылып, түпкілікті Н.А. -ға 2 жыл 3 айға бас бостандығын айыру тағайындалды, ҚР ҚК- нің негізінде тағайындалған жаза шартты деп саналсын.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық соты