Азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Altyn Bank» АҚ-нің жауапкер А.-тан қарызды өндіру туралы талап арызы қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 20.11.2013 жылы «Altyn Bank» АҚ және А. арасында несие шарты жасалынған, оның шарттары бойынша жауапкерге 35 ай мерзімге, жылдық 20,99% сыйақымен 1 156 000 теңге көлемінде қарызды қайтару, жедел, мақсатты пайдалану шартымен берілген.

Жауапкер қарызды және сыйақыны қайтура бойынша өзіне алған міндеттерін тиісті түрде орындамаған, осыған байланысты 06.04.2017 жылға оның қарызы 1 164 543 теңге.

Сот «AltynBank» ЖШС-нің  талап арызын қанағаттандыруды шешті.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты