Ашық есік күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Алматы қаласы Индустриалдық колледжінің заң факультетінің студенттерге арналған  «Ашық есік күні» өткізілді.

Бұл іс-шараның барысында колледждің студенттері сот отырысының залдарын көріп, бақылаушы ретінде қылмыстық процесіне қатысып, кеңсе және жалпы қылмыстық сот жүргізу жұмыстарымен танысты. Алмалы аудандық судьясы К.Иманкулов қылмыстық сот отырысын өткізу және кылмыстық процестік заңнама бойынша сұрақтарға қатысты сұхбатын өткізді. Студенттердің қойылған барлық сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар берілді. Студенттердің көбісі оқуды аяқтағаннан кейін сот жүйесінде жұмыс істеуге ниетттерін білдірді.

Сотта осындай шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. «Ашық есік күні» шарасының мақсаты сот пен юриспруденция аймағының мамандарды дайындайтын оқу орындарының арасында сапалық өзара әрекеттестікті орнату, жастардың құқықтық сезімінің деңгейін көтеру және теоретикалық және практикалық заңды білімдердің аралығында оңтайлы теңгерімді қамтамасыз ету болып табылады.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы аудандық соты