Аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін иемденіп алған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Алматы қаласының Әуезов аудандық сотында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 4-бөлігі 2 тармағымен (алаяқтық) айыпталушы Нұрғожаеваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

2016 жылдың наурыз айында, Н., өзінің танысы Б.-мен кездесіп, өзін «Банк Центр Кредит» АҚ-да жұмыс атқаратынын және банкте 49 000 АҚШ доллар несие алған үшін кепілде тұрған Б.-ның ағасына тиесілі үйді таныстар арқылы 25 000 АҚШ долларға шығарып беремін деп жалған айтып, алдап, бөлшектеп, жалпы 8 177 496 теңгесін алып, аса ірі мөлшерде жымқырған.

Онымен шектелмей, қылмыстық іс-әрекетін бірнеше рет жасап, Н., 2016 жылдың мамыр айында А.-пен танысып, кездесіп,  өзін «Казкоммерцбанк» АҚ-да жұмыс атқаратынын және банкте несие алған үшін кепілде тұрған пәтерді таныстар арқылы арзан бағаға алып беремін деп алдап, жалдап тұрған пәтерді.жәбірленушіге нақты осы пәтер деп көрсетіп, бөлшектеп, жалпы 3 704 030 теңгесін алып, ірі мөлшерде жымқырған.

Cотталушы Н. сот отырысында тағылған айыпты толығымен мойындады.

Сот үкімімен сотталушы Н. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190 бабы 4 бөлігі 2 тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баппен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушы  Н.-ға тағайындалған жазаның барлық уақытына пробациялық бақылау орнатылды..

Үкім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар