Алматы қалалық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов ардагер судьяны мерейтойымен салатанатты түрде құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Алматы қалалық сотының ұжымы мерекелік атмосферада өзінің бірқатар ардагер судья әріптестерін, сонымен қатар қызметтегі судьяны мерейтойымен құттықтады.

Іс-шарада қалалық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақыт Мәлік-тегі, қалалық сотының судьялары, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Қырықбаев және оның орынбасары Зульфия Баки қатысты.

Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов мерейтой иелерін мерекелерімен  құттықтай отырып: «Мен құрметті ардагерлер сіздерді аман-сау көргенім үшін қуаныштымын. Сіздерге мықты денсаулық, үлкен бақыт пен амандық-саулық тілеуге рұқсат етіңіздер» деп сот төрелігін нығайтуға қосқан едәуір үлестерін атап өтті.

Осы мерейлі сәтте Н.Әбдіқанов 70-жастық мерейтойларымен доғарыстағы  судья Көбеген Жүнісовты, Шекер Байгужинды, Әскен Талқанбайды, 60-жастық мерейтойларымен – Галия Стикулованы, Гульжахан Мусинаны, сонымен қатар Алматы қалалық сотының судьясы Сергей Лобачты құттықтады.

Қалалық сотының төрағасы мерейтой иелеріне құттықтаухаттарын, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтарын сот ұжымының атынан тапсырды.

Өз кезегінде ардагерлер, Нұрғазы Әбдіқановқа көрсетілген құрмет пен қамқорлығы үшін алғыстарын білдіріп, жаңа лауазымдағы жұмысына табыстар тіледі.

Источник: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі