Алматы қалалық сотында Астана күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қалалық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов салтанатты жиналыста құттықтау сөзімен сөз сөйлеуінде, қоғамдық-саяси маңызы бар және шын мәнінде жалпыұлттық мереке екенін атап өтті.

- Бүгін Астана қарыштап дамыған мемлекеттің символы, еліміздің экономикалық және инфрақұрылымдық даму қозғалтқыштарының бірі, және бүкіл әлемге лайықты құрмет пен қалыптасу символы болып табылады. Елорданы көшіру түрлі салалардағы мультипликативті маңызы бар тұтас оң өзгерістер ауқымын іске асырды. Демографиялық үдерістерін, өндірісін, құрылысын, мәдениетін, инновацияларын, білім бері мен туризмді ерекше атап өту керек, - деді сот төрағасы.

Мереке қарсаңында Н.Әбдіқанов сот ұжымына әрі қарай өрлеу мен өркендеу, зор денсаулық, аман-саулық, береке және Қазақстан Республикасына қызмет ету жолында табыстар тіледі.

Құттықтау тілегімен әкімшілік және азаматтық істер жөніндегі  апелляциялық сот алқасының төрағасы Б.Мәлік-тегі, сондай-ақ қалалық сотының судьясы Б.Қатықбаев сөз сөйледі.

Іс-шара Астана туралы деректі фильмін тамашалаумен аяқталды.

Источник: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі