Адамдар тобымен алдын ала сөз байласу бойынша тонау жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 191 бабының 2 бөлігінің  1,3 тармақтарымен айыпталушы Ш. және О. қатысты қылмыстық іс қаралды.

31 желтоқсан 2016 жылы түнгі 05.30 шамасында бұрын сотты болғандар О. мен  Ш., бірге соңғының басқаруындағы «Опель Вектра» маркалы автокөлігімен келе жатқан кезде, тонау ниетінде объектіні табу мақсатында, Алматы қаласының көшелерінде айдап жүріп, Абай даңғылы Сейфуллин көшесінің қиылысында «Сахара» кафесінің жанында, қолына ұялы телефон ұстап, жолда ілеспе машиналарды  тоқтатып тұрған  Н. көріп, таксист ретінде тоқтап және төлеу ақысы туралы келісіп, оны машинаға отырғызды, бұл ретте  Н. жол ақысын төлеу үшін карточкадан ақша алуға оларды қандай да бір АҚ "Қазком" банкоматтың жанында тоқтатуды сұрады,осыған байланысты олар Алматы қаласы, Каменка кенті, Мақатаев к-сі, 66, мекен-жайы бойынша орналасқан "Қазком" банкоматтын жанында автокөлікті тоқтатып, ол жерде Н. карточкасынан ақша алды.  О. және Ш. шығып, оның артынан бақылап тұрған,  содан кейін олар Н. өтініші бойынша Айнабұлақ ықшам ауданы бағыттына қарай жүріп, бірақ жолда Момышұлы көшесіне адам жоқ жерге бұрылып, машинаны тоқтатып, екеуі де артқы отырғышқа отырып, Н. бетінен бірнеше соққы келтірді,бұл ретте өмір сүру үшін және денсаулыққа қауіпті емес зорлық қолданып, Н. мүлігін ашық түрде ұрлады : құны 30 000 теңге тұратын "Самсунг" маркалы ұялы телефонын, сондай-ақ, портмоне, онда  АҚ "Казкоммерцбанк" карточкасын, шотта 80 000 теңге ақшалай қаражатпен, содан кейін жәбірленушіні сол тонау болған жерде қалдырып,қылмыс орнынан қашып кеткен, сөйтіп жәбірленушіге жалпы сомасы 110 000 теңге көлемінде материалдық залал келтіріп, және де жәбірленушінің банк картасымен кейіннен пайдаланып,екеуі банкоматттан жәбірленуші Н.-ге тиесілі 80000 теңге қолма-қол ақша сомасын алды.

Сот үкімімен  О. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 191 бабының 2 бөлігінің 1,3 тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған  мүлкі тәркіленіп 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қылмыстық Кодекстің 60 бабының 1 бөлігіне сәйкес, аталған жазаға  04.07.2016 жылғы Шығыс-Қазақстан облысы Өскемен қаласының № 2 сотының үкімі бойынша өтелмеген бөлігі жартылай қосылып, түпкілікті мүлкі тәркіленіп, 5  жыл бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемелерінде өтеу белгіленді.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 14-бабының 2 бөлігігің 1 тармағына сай, сотталған  О.-нің іс-әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануы танылды.

                                                                                 

Сот үкімімен  Ш. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 191 бабының 2 бөлігінің 1,3 тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркіленіп 3 жыл  6  ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қылмыстық Кодекстің 60 бабының 1-бөлігіне сәйкес, аталған жазаға  04.11.2013 жылғы Алматы облысы Қарасай ауданының сот үкімі бойынша өтелмеген бөлігі жартылай қосылып, түпкілікті мүлкі тәркіленіп, 4  жыл бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемелерінде өтеу белгіленді.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 14-бабының 2 бөлігігің 1 тармағына сай, сотталған  Ш.-ның іс-әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануы танылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ауэзовский районный суд г.Алматы